Атакент ауылының халқы «ҚазСуШар» мекемесінің ағашты кесуін тоқтатуды талап етуде

Түркістан облысындағы Атакент ауылының тұрғындары ағашты заңсыз кесуді тоқтатуды сұрап отыр.

- Вот смотрите, пожалуйста, что творят у нас организации, которые роют арыки. Все деревья повырубали. Всё выкинули на поля. Завтра как люди будут сеять?

Көпшілік «КазСуШар» мекемесі каналдар мен су жүйелерін тазарту үшін арық бойындағы ағаштарды кесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзды» деп айыптады. Ал жергілікті билік суға жауапты мекеме ішін қамыс басқан каналдарды тазалап, су жерге сіңіп кетпеу үшін табанын бетондап жатқанын айтады. Сол арқылы шаруаларды ағын сумен үздіксіз қамтамасыз етпек. Ал қазіргі жағдайда ағаштар арық ішіне бейберекет өсіп кеткен. Оны қырқып, каналдарды тазаламаса ағын су егістікке жетпей қалуы мүмкін.