loader


Павлодар облысында зиянкес жәндіктермен күрес шаралары басталады

Аз уақытта қансорғыш жәндіктер қанаттана бастайды. Сондықтан Павлодар облысында әуе және су арқылы дәрілеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажетті препараттар толық алынып, ғылыми сүйемелдеу тобы тоған-көлдерде жәндіктердің дернәсілдерін зерттеп жатыр. 

Құрамына жоғары оқу орындарының ғалымдары енген ғылыми сүйемелдеу тобының фенологиялық бақылау және зерттеу  жұмыстары сәуірдің 9-нан басталды. Мердігерлер зарарсыздандыру үрдісіне   ғылыми зерттеулердің  қортындысы шыққаннан кейін   кіріседі. Биыл көктем  кеш шықты. Шіркейлердің дернәсілдері әзірге белсенділік танытпаған. Бірақ күн күрт жылынса бір-ақ күнде тіріліп шыға келеді екен.

Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

– Жалпы дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үрдісі бұл жыл сайынғы жоғарғы Ертіс каскадынан, Шығыс-Қазақстан өңірінен жіберетін су жіберулерге байланысты болады. Бұл су жіберулер жалпы ведомствоаралық комиссияның отырысынде шешіледі.

Ведомствоаралық комиссияның отырысы осы сәуір айынының 20-на бегіленген. Ал зарарсыздандыру көлемі  сол жіберілген судың мөлшеріне қарай есептеледі. Биыл шамамен 27 мың гектар алқап  өңдеуден өтеді. Бүгін аймаққа Ресейде жасалған химиялық препараттың 800 литрі келді.

Қайрат Байбосынов, зиянкестерге қарсы күрес жобасының жетекшісі:

– Біз сондай-ақ билогиялық «Бактецид» препаратының 100 проценттік көлемін алып қойдық. Ол шіркейлер мен масалардың  дернәсілдеріне қарсы қолданылады. Ал химиялық препарат  қанаттанып кеткен жәндіктерді  жою үшін керек.

Облыс бойынша шыбын-шіркейлерге қарсы күрес  үш жылдық келісім негізінде  жүргізіледі. Бүгінгі таңда биологиялық Бактецид препаратының 70 мың келісі алынған. Жазғытұрым мал мен жанға жайсыздық әкелетін қансорғыш жәндіктерге қарсы күрес  3 қала мен 9 ауданды  яғни бүкіл облысты қамтиды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат