470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе әуежайының жұмысы толықтай қалпына келтірілді

  • 187
  • UPD: 22:21, 16.04.2022
Ақтөбе әуежайының жұмысы толықтай қалпына келтірілді inform/kz

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы тәулік бойғы қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз-сәуір айларында Ақтөбе әуежайына жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде 200-ге жуық плита ауыстырылып, нысан жұмысы толықтай қалпына келтірілді. Қазақстан Авиация әкімшілігі 15 сәуірден бастап шектеулерді түгел алып тастады. Барлық бағыт бойынша рейсті қайта жандандыруға рұқсат берілді. «Наурыз-сәуір айларында жөндеу жүргізіліп, комиссия тексеруінен соң оң шешім шығарылды. Қазақстан авиация әкімшілігі әуежайдың қалыпты жұмыс істеуіне рұқсат етті. Қазіргі кезде барлық әуе компаниясына хабарландыру жіберіп жатырмыз. Бұған дейін Qazaq Air және SCAT әуекомпанияларының Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан және Қазан қалаларына рейстері болды. Оларға тек күндізгі уақытта ұшуға рұқсат беріліп, кешкілік жұмыс уақытша тоқтатылған еді», – деді «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары әрі қарай да жалғасады. Бірақ әуе айлағы қызметін тоқтатпайды. Еске салсақ, Ақтөбе әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты 17-27 наурыз күндері аралығында қызмет көрсетуін тоқтатты. Ал 28 наурыз күні жұмысын қайта жандандырды. Бұған дейін жөндеу жұмыстарына байланысты әуежайдың жабылғанын айтқан едік.

 

Хабар 24 телеарнасы