Көшеде жарапазан айтатын балалар көлік қозғалысына кедергі жасап жүр – Шымкент

Шымкентте түнгі уақытта көше кезіп, жарапазан айтатын балалардың саны азаймай отыр. Әл-Фараби ауданында кешкі уақытта жарапазан айтып жүрген тағы 12 жасөспірім анықталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция инспекторлары кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейд жүргізіп жатыр. Оның барысында жолдар мен көше қиылыстарында кәмелет жасына толмағандар адамдарға тиісу жайттары анықталуда. Осы ретте түнгі уақытта жарамазан айтып көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейд жүрді. Нәтижесінде 14 сәуірде әл-Фараби ауданы бойынша қоғамдық орында жарапазан айтып жүрген 12 жасөспірім анықталды. Тәртіп сақшылары балаларға ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.