Елордадағы жалпыхалықтық сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты

Кеше бас қалада «Birge – taza Qazaqstan» акциясы және көктемгі экологиялық айлық аясындағы жалпықалалық сенбілікке тұрғындар бір кісідей жұмылды, деп хабарлайды «Хабар24» елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шарада қыс мезгілінен кейін қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аудару.

Қаланы тазалауға 62 500-ге жуық адам, 3 580 кәсіпорын мен ұйым қатысты. 482 тоннадан астам қалдық жиналып, полигонға шығарылды. Алматы ауданы бойынша – 352 тонна, Байқоңыр ауданы бойынша – 85 тонна, Есіл ауданы бойынша – 92 тонна, Сарыарқа ауданы бойынша – 115 тонна қоқыс жиналды.

Өткізілген іс-шара аясында жалпы ауданы 2,7 млн шаршы метрден астам саябақ пен сквер тазартылды, 248 ағаш отырғызылды.