АҚШ Зеленскийдің бейнесі бар монталарды сатылымға шығарды

АҚШ Зеленскийдің бейнесі бар монталарды сатылымға шығарды
whitehousegiftshop.com

Ақ үйдің кәдесый дүкені Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреті бар монеталарды сатылымға шығарды, деп хабарлады Ақ үй сайтында.

Монеталар «Америка президенттігінің тарихи сәттері монеталар жинағында» сериясында шықты. Онда Зеленскийдің 7 наурызда АҚШ Конгресіне видеобайланыс арқылы шыққан кездегі суреті бар.

«Бұл әлемдегі ең ірі әскери және қаржылық державаға тастаған ерекше виртуалды үндеу болды. Зеленский Америка тарихындағы оқиғаларды мысалға келтіріп, ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған Перл-Харборға жасалған шабуылды және терроризмге қарсы соғыстың бастауындағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы жағдайды еске алды» деп жазды Ақ үй.

Монета 100 доллар тұрады. Хабарламада монеталарды сатудан түскен пайда Украина халқына көмектесу үшін құрылған америкалық «Қызыл Крест» ұйымына аударылатыны айтылған.