Алматылық оқушылар Вена балын өткізді

Алматылық оқушылар Вена балын өткізіп, вальстің ырғағына тербелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – №21 гимназияның сонау 39 жылдан бері әр екі жыл сайын атап өтер дәстүрлі мерекелік шарасы. Ата-аналардың қатысуымен өтетін Вена балы биылда өз дәргейінде ұйымдастырылды. Арнайы киім киіп, Моцарт пен Шуберт, Штраустардың әйгілі классикалық музыкаларына билеген  ұл-қыздардың өнеріне көпшілік тәнті болды.