Төрт партияның құжаты қаралып жатыр

Төрт партияның құжаты қаралып жатыр

Елімізде тағы 4 партия құрылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Әділет министрлігінде олардың құжаты қаралып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, «Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтті. Бұл ұйым қазір заңға сәйкес партия ретінде құрылтайшылық съезін өткізеді. 20 мың кандидатының тізімін ұсынуы қажет. Бүгінде заңға сәйкес тіркеу мерзімі тоқтатылды. Партия мүшелерін тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары бойынша бірінші кезең деңгейінде жұмыс жүргілмек. Яғни партия құру ниеті туралы хабарлама алынғаннан кейін заңға сәйкес тексеру жасалады.