Павлодарда жастарымен ашық форматта кездесу өтті

Жастардың сайлауға деген белсенділігін арттыру қажет. Саяси науқанға алғаш рет қатысатындар үшін факультативтік сабақтар енгізілуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодардарда қоғамдық бірлестік өкілдері осындай бастама көтерді. Өңірде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған жұмыс тобымен ашық форматтағы кездесулер өтіп жатыр. Жиынға саяси партиялар, қоғамдық кеңестер, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысуда. Сондай-ақ студенттер және жұмыссыз жастармен кездесуде жоспарланған.

Гүлнәр Аманжолова, облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Негізгі мақсат дауыс беру үрдісімен танысу болатын. Сайлау учаскесінде бақылаушылар бар ма? Сайлаушыларға қандай жағдай жасалған және бәрі қолжетімді ме? Заңбұзушылықтар бар ма? Осының бәрін Жаңатілек ауылдық округінде Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.