Павлодарда тазалық айлығы басталды

Жарысқа қатысушыларға мейлінше қоқысты көп жинау талабы қойылды. Ертіс қойнауындағы Усолка өзенінде тұрмыстық қалдықтар жетіп артылады. Тұрғындардың табиғатқа соншалықты салғырт – қарайтыны  көңілге қаяу түсіреді. Жаз мезгілінде өзеннің айналасы құтыларға, полиэтилен қалталарға толып кетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Жасыл-кросс» акциясы табиғат жанашырларының басын қосқан. Оларды туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі біріктіреді. Белсенділер қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге мықтап бекінген. 

Русана Самекова, облыстық «Жасыл ел» ұйымының жетекшісі:

Қаланың ең кішкентай тұрғындары қатысып жатыр. Тіпті екі-үш жасар сәбилер бар араларында. Олар ата-аналарынан, үлкен адамдар мен жастардан үлгі алады. Сондықтан мұндай шаралардың ұрпақ тәрбесі үшін маңызы жоғары.

Павлодардағы тазалық күні мерекедей әсер қалдырды. Әуезді музыка ойнап, қолдарына күрек, тырма,  сыпыртқы ұстаған тұрғындар аулаларын айнадай етіп тазалап шықты. Қоғам белсенділері мен коммуналдық сала қызметкерлері де шет қалмады. 

Болат Сүлейменов, қоғам белсендісі:

Керісінше, менің  артымнан жинап жатқаны мен үшін ұят болар еді.  Қаланы бір күн ішінде тазалап  шығу мүмкін емес.  Сондықтан  әлеуметтік желілерде үндеу тастадық. Тазалық марафоны  көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 

Бір айға созылатын экологиялық  шара  қаланың барлық аумағын қамтиды. Алғашқы жұмыс шаһарға кіре берістен басталды. Биыл облыс орталығында  қоқыс жинайтын  300 алаң пайда болады.

Асайын Байханов, қала әкімі:

Жаңағы қоқыс жинайтын контейнерлерді биыл жаңартатындай өзіміздің жоспарымыз бар. Әрине қалада 7 мыңға тақау қоқыс жинайтын контейнер бар. Оның 60 пайызы 10 жылдан асып кеткен. Біз осы жылы 1,5 жаңа контейнер аламыз деген ойымыз бар.