Қостанайда шетелдік 160 компания жабылу алдында тұр

Қостанайда шетелдік 160 компания жабылу алдында тұр

Прокуратура Ресей, Украина, Беларусь азаматтары құрған кәсіпкерлік нысандары көші-қон заңын бұзды деп тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң бойынша елімізде шетелдіктер «Бизнес иммигрант» визасымен кәсіп аша алады. Бірақ олардың қолында ондай рұқсатнама қағазы болмай шықты. Барлығы Қазақстанға саяхаттау және еңбек ету мақсатында келгенін көрсеткен. Ал шын мәнінде астық экспортымен айналысып жүрді. Егер сотта «қара тізімге» алынған компаниялардың заңсыз тіркелгені дәлелденсе, оларға қомақты айыппұл салынады. Сонымен бірге шетелдіктермен сауда жасаған отандық фирмалар миллиондаған шығынға ұшырауы мүмкін.

Самат Сәдуақасов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Сотта тек қана екі арыз жатыр. Біреуі Түркия, біреуі Ауғанстан. Олар экспортқа шығаратындар. Қалғандарын әлі сотқа берген жоқ. Сондықтан олар әлі келген жоқ арыздарымен. Судьялар да түсініп отыр. Қаншама контрагенттер шығынданады. Салық бар. Сондықтан олар әлі шешім шығарған жоқ.