Ақтауда жекеменшік бөбекжайлар бала қабылдауға ақы сұраған

Ақтауда жекеменшік бөбекжайлардың иелері бала қабылдауға тұрақты түрде ақша алып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уәкілетті орган жүргізген тексерулер 40-тан астам балабақшада заңсыздықтың бетін ашты. Белгілі болғандай, әр сәбиді қабылдап алғаны үшін ата-анадан алғашқы жарна талап етілген. Кейін оны қайтарып бермегені былай тұрсын ай сайынғы төлемге де қоспаған. Сондай-ақ баланың дәлелді себептермен балабақшаға бармаған күндері мүлдем есепке алынбаған. Өңірлік монополияға қарсы департамент өкілдері мәселеге білім саласына бақылаудың жоқтығы себеп дейді.

Мөлдір Сариева, өңірлік монополияға қарсы департаменттің бөлім басшысы

Заң бойынша балабақшадан нақты болған күндеріне ғана ақы төлену қажет. 1 ай мерзімде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының иелері орын алған құқықбұзушылықтарды жоюға міндетті. Олай болмаған жағдайда айыппұл салумен тергеп-тексеру жүргізілетін болады.