«AMANAT» партиясының баспасөз орталығы ашылды

«AMANAT» партиясы халықпен кері байланысты арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Орталық аппарат жанынан көпфункциялы баспасөз орталығы ашылды. «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында саяси ұйымның жариялылығы қамтамасыз етіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнап, сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде есеп беру маңызды, – дейді «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев.

Ринат Кертаев  «AMANAT» партиясының хатшысы:

– Ашық партия бірыңғай тұжырымдамасын іске асыру аясында біз қажетті мультимедия жабдықтарымен қамтамасыз етілген көпфункционалды баспасөз орталығын құрдық. Бұл алаң партиялықтардың қоғаммен ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етіп, БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің тиімді құралдарының бірі болатынына сенімдіміз. Бұл ретте барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілетінін атап өткім келеді.