Қарағанды облысында кәсіпкерлер қант бағасын өзара келісіп көтерген

Қарағанды облысына қант жеткізушілер бағаны бір мезгілде және бірдей сомада көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни кәсіпкерлер мұны өзара келісіп жасауы мүмкін дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің өкілдері. Ал бұл заңға қайшы. Өңірдегі қант нарығының 35 проценттен астам үлесін қамтамасыз етіп отырған 4 бірдей компания көтерме бағаны 20, ал бөлшек саудада 39 процентке өсірген. Егер олардың құпия сөз байласып әрекет еткендері расталса, әкімшілік жауапқа тартылады.

Таңшолпан Жаңабаева, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысы:

- Бүгінгі таңда оларға хабарлама енгізілді, сол бұзушылықтарды тоқтату бойынша. Хабарламаның уақыты алған күннен бастап 30 күн деп есептеледі. 30 күнде олар бізге жауап беру керек. Хабарламаға жауап қайтармаса, ол бізде орындалмаған болып есептеледі де, әрі қарай оларға тергеп-тексеру жұмыстары жалғастырылады.