Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылды – жалған ақпарат

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны хабарланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық қызметкерлері мен келушілері дереу эвакуацияланды. Іздеу жұмыстарын жүргізген полиция сәлден соң ақпараттың жалған екенін хабарлады. Іле-шала Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылды деген жаңалық тарады. Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда күмәнді ешнәрсе табылмады. Қазір стратегиялық нысан қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Жарылғыш заттардың бірнеше нысанда қойылуы туралы жалған ақпарат дерегі қазіргі таңда ҚК 273-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталып кетті. Бұл хабарламаны таратқан азамат міндетті түрде анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңнамамен алты жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде.