Елорда тұрғындары ит пен мысық панажайын көшіруді талап етеді

Елімізде қаңғыбас иттер түйіткілі көптен бері шешімін таппай келеді. Нұр-сұлтан қаласында орналасқан изолятордың қызметкерлері бұл мәселені 2017 жылы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басында мұнда ит-мысықтарды өлтіру деректері жиі кездессе, қазір оған заңмен тыйым салынған. Жануарларға күніне екі рет тамақ беріліп, қажетті ветеринарлық жәрдем көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар оған қомақты қаражат бөледі.

Асқар Әуелбек «Астана ветсервис», кәсіпорнының директоры:

– Биыл қала әкімдігі біздің мекемеге 100 миллион теңге бөлді. Бұл қаражат есебінен біз ит-мысықтарды тамақтандырып, емдейміз. Күн сайын 8 ерікті осында келіп, жануарларға қарайласуға жәрдем береді. Яғни қоғам тарапынан бақылау бар.

Жануарларды уақытша ұстау изоляторы елорданың өнеркәсіптік аймақтарының бірінде орналасқан. Панажайдың жанындағы кәсіпорын иелері мұндай көршінің болғанына наразылық танытып отыр. Себебі изолятор мен осындағы базалардың арасында 100 метрлік қашықтық сақталмаған. Панажайдағы шу мен иіс бизнесті жүргізуге айтарлықтай зардап келтіретін көрінеді.

Жәнібек Данияров, кәсіпкер:

5 жыл бойы питомниктен зардап шегіп жатырмыз. Иіс, иттердің иісі, тамақ дайындайды, бірдеңе жандырады. Біз сол иіспен демаламыз. Иттер қашады, біздің базамызда жүреді. Мусор ақтарады. Иттердің кесірінен қоймаларымызда крыса, тышқан пайда болды. Біз ғана емес, промзона иелері зардап шегіп жатыр.

Изоляторға тура қарама-қарсы жатақхана салынған. Оның тұрғындары да панажайды басқа жерге көшіруді талап етіп отыр.

Жайдарман Қарина, қала тұрғыны:

Осында тұрғанымызға 7-8 жыл болды. Құтылғанымыз дұрыс болады мына иттерден. Әкетсе екен деп. Мына жер невозможно. Не форточка аша алмаймыз. Балаларды далаға шығармаймыз. Қорқамыз.

Алайда «Астана ветсервис» басшылары тұрғындардың бұл базынасымен келіспейді. Олардың мәлімдеуінше, өнеркәсіптік  адамдардың тұруына мүлдем болмайды.

Асқар Әуелбек, «Астана ветсервис» директоры:

Адамдарға дауа жоқ дейді. Иттерге көптеген көрші адамдар бар. Бұл промышленный зона. Мұнда адамдарға тұруға болмайды.Объектілер промышленный. Иттің иісі кетіре алмайтын заттар. Оған келісу керек.

Панажайдағы жануарлардың басым бөлігін олардың қожайындары көшкен кезде тастап кеткен. Яғни жауапсыздық танытқан адамдардың әрекеттерінен осы ит-мысықтар үйсіз қалды. Сол себепті бұл мәселені толыққанды шешу үшін қала тұрғындарының өздері атсалуы керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары ит пен мысықты асырап алғысы келетіндер саны күрт азайып барады.

Авторлары: Дариға Ташенова, Артур Горшняков