Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда індетті толық жеңеміз – ДСМ

Еліміз карантиннен кейін қазір көптеген елдермен барыс-келісті жандандыра бастады. Бұл экономикамызды қуаттандырып, сауда-саттықты одан әрі дамыта түсері сөзсіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен сақтық шараларын да ұмытпаған абзал. Өйткені әлемнің бірқатар елінде короновирустың түрленген штамы өршіп тұр. Стелс-омикрон штамы біздің елге келе қойған жоқ. Алайда іргелес көрші мемлекеттерде ушығып барады. Ал оның елімізге келмейтініне кепіл жоқ, дейді эпидемиологтар. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын ұстанып жүру қажет.

Санжан Серіков, эпидемиолог дәрігер:

Қала бойынша короновирус инфекциясы анықтау деңгейі төмен. Соған қарамастан қалада штам бар. Айналып жүр. Оның ерекшелігі ПТР нәтижесі теріс шығады. Бізге түссе КТ,  клиникалық суретіне қарап анықтайды. Соған сүйеніп диагноз қойып, ем жасайды. Короновирус инфекциясы бар, толықтай жеңген жоқпыз.

Мамандар індетті ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана толық жеңеміз деп отыр. Қазір Қазақстанда эпидеомилогиялық ахуал тұрақты. Соның өзінде күніне 20-ға жуық адамнан инфекция белгілері анықталады.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Егер қазір бізде жағдай күрделеніп, эпидахуал ушығатын болса, енді ол келмейді деген сеніміміз бар, себебі коллективный иммунитет бар ғой. Ушыққан жағдайда бізде провизорлық, инфекциялық ауруханалар жұмыстарын жасап жатыр және де қосымша бізде шұғыл түрде құрылатын жаңағы короноиврусты емдейтін ауруханалардың барлығы дайындық үстінде. Елімізде 3 айлық дәрілік қор қамтамасыз етілген. Сонымен қатар дәрігерлеріміздің барлығы толық емдеуге даяр, протоколының бәрі даярланған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісілген протокол бойынша дәрігерлер оқудан өткен.

Мамандар, вакцина, ревакцина алған адамдар вирус жұқтырған күннің өзінде ауруды жеңіл өткереді деп отыр. Қазірге дейін еліміз бойынша 10,5 млн адам короновирусқа қарсы екпе алса,  3,5 млн адам ревакцинациядан  өткен. Сондай-ақ, елде 3 айлық дәрілік қор бар.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Ержан Қанапияұлы, Жандос Сұлтанғазы

Сондай-ақ...