470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысы бойынша 2022 жылы кезекте тұрғандарға қанша жер телімі бөлінеді

  • 172
  • UPD: 13:23, 21.04.2022
Алматы облысы бойынша 2022 жылы кезекте тұрғандарға қанша жер телімі бөлінеді El.kz

Биыл Алматы облысында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1937 жер телімі тегін таратылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәліметтерді облыстың жер қатынастары басқармасы Krisha.kz сайтына жариялаған. Биыл қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген учаскелердің жалпы көлемі 443,2 гектар, яғни 2 мыңға жуық қазақстандық 10 гектар жерді алады.

Талдықорған қаласында 500-ден астам, Текелі қаласында 20-дан астам жер телімі бөлінеді. Сондай-ақ мына аудандарға жер телімдері беріледі:

Балқаш – 141, Іле – 107, Қаратал – 20, Кербұлақ – 578, Көксу – 177, Панфилов – 180, Кеген – 3, Сарқанд – 19, Ұйғыр – 10, Еңбекшіқазақ – 168 учаске.

Еске салайық, мемлекеттен берілетін 10 гектар жерді тек Қазақстан Республикасының азаматы ғана ала алады. Айта кетерлігі, жерді тұрғылықты жері мен тіркелген жеріне қарамастан кез келген өңірден алуға болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы