Жем өзені арнасынан асты – Атырау облысы

Жем өзені арнасынан асты – Атырау облысы

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласына тасқын су қауіп төндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе қала шетіндегі 7 ауылда жағдай күрделі. Бүгін таңертең күрт көтерілген Жем өзені арнасынан асып, ауыл шетіндегі 3 көшені басып қалды. Жем өзені Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласын жанамалап ағатын. Биыл ылғалдың молдығынан тасқын су қаланы айналып алды, шеткі ауылдарға жетті. Бүгін түске дейін қауіпті аймақта орналсқан 3 тұрғын үйден 10 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланып, туыстарының баспанасына орналастырылды. Ең қауіпті учаскелердегі тұрғын жайларды қорғау үшін бөгеттер салынып, құм толтырылған қаптар жиналды. Осы мақсатта төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік бірлескен іс-қимыл жоспарын жасақтап, іске кірісті. Әзірге зардап шеккендер жоқ.