Қарағандыда дәрігерлерге жұдырық ала жүгіретіндер көбейді

Бұл профессор Мақажанов атындағы аурухананың травматолгогиялық бөлімі. Бір қолы онсызда сынып тұрған пациент екінші қолымен-ақ дәрігерге дүрсе қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әріптестер араша түскенімен, ашуға булыққан ол қоятын емес. Қазір бұл іс бойынша полиция іс қозғады. 

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

Дәрігерден полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша СМС тағайындалды. Соның қортындысына байланысты нақты процессуалды шешім қабылданады.

Ал, бұл осыдан біраз уақыт бұрын болған оқиға. Бәз-біреулер емхана есігін таспен атқылап, терезені сындырып кетті.  Дәрігерлер – емделушілер  тарапынан агрессияның жиі болатынын, тіпті таяқ жеп қалатындарын  айтады. Бірақ, бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде,- деп жария қылмайды.  Тек бір күде травматологиялық бөлімге екі жүзге жуық адам жүгінеді.  Олар «3Н» жүйесі бойынша қаралады. Яғни қызыл деңгейлілерге шұғыл көмек көрсетіледі, осы кезде жасыл деңгейлілер күте тұратын кездер болады. Көбі осыған ашуланады  екен.

Ерік Шонбаев, облыстық Травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:

Ондай фактілердің көбейгені рас. Пациенттер дәрігерлерді боқтап, балағаттап, тіпті міне, сабап кететіндерін көріп жүрміз. Жақында Алматыда біздің әріптесімізді паценті атып өлтіріп кеткенін де білеміз. Мұндай жағдайлардың көбін адам мас кезінде жасайды. Сау адамдардың да келіп біраз уақыт күте тұр десе, күтпеймін, қараңдар деп дүрсе қоятын кездері болады. Оның барлығына шағымдана бермейміз.

Ал, психологтар мұндай әрекеттің ар жағында  көктемнің,  одан қала берді екі жылдан астам уақыт оқшауланудың салдары жатқан болуы мүмкін деп есептейді.

Алёна Сыскина, психолог:

Бірінші кезекте адамдардың құндылығы өзгерген. Көбі материалдық жағдайды ойлайды, салдарынан қайырымдылық пен мейрімділік деген қасиеттер кейінгі ысырылып қалған. Одан өзге ұзақ уақыт оқшауланудың да салдары көп. Әлеуметтік желілер мен телеарналардан көп көрсетіліп жатқандықтан санаға кері әсер етеді. Мұның себебін тереңнен қарау керек.    

Қарағандыда болған.  Науқасқа шұғыл  келген жедел-жәрдем көлігі ауладағы жолда тұрады. Соңынан келген джип жүргізушісі көлікті жолдан алып таста деп талап етеді.  Артынша ол полиция шақырады , полиция жедел жәрдем жүргізуішісіне хаттама жазып берген. Оқиға қоғамда қызу талқыланған соң іск прокурорлар араласып, қадағалушы орган өкілдері хаттаманың күшін жойған болатын.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев