Нұр-Сұлтанда ақылы тұрақ көбейді

Бұл – Желтоқсан көшесіндегі 32-үйдің тұрғындары. Олар осы айдан бастап үй алдындағы көлік тұрағының ақылы болып кеткеніне наразы. Ешқандай ескертусіз айыппұл арқаладық деп отыр. Жүргізушілер үй  айналасында көлік қоятын жер таппай қиналады. Ал ақылы тұрақтың қызметіне күн сайын жүгіну қалтаға салмақ салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қуаныш Жүсіпов, қала тұрғыны:

Былтырдан бері үйіміздің алдындағы көлік қоятын жерге паркоматтар қойыла бастады. Яғни автотұрақ ақылы болады деді. Дегенмен кейін ол заңсыз екенін айтып әкімдік жылы жауып қоя салды. Енді сәуірдің ортасынан бастап тұрғындарға айыппұл келе бастады. Менің өзіме екі айыппұл жазылды. Міне үйдің айналасын көріп тұрсыздар, біз көлігімізді қайда қоямыз? Сағат сайын ақша төлеп отырамыз ба? Осы сұрақтарға әкімдіктен жауап ала алмай қойдық.

Дулат Бөлекбаев, қала тұрғыны:

Мына жер ыңғайсыз, мысалы мына жерге келеміз машинамен қоятын жер жоқ. Ана жерде жол белгісі тұр. Дворға кірсек онда орын жоқ. Білмеймін ыңғайсыз. Әр жерге қоямыз, сол орын іздеп жүреміз. Қай жерде бар орын сол жерге қоямыз. Арғы жолдың бойы барлығы жол белгісі, онда қоя алмаймыз. Айыппұл келеді.

Ақылы тұрақты түбегейлі алып тастау мүмкін емес. Себебі оның міндеті — жол-көлік желісінің жүктемесін азайту, халық тығыз орналасқан, кептеліс көп болатын жердегі көлік ағынын қысқарту. Тұрақ жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы орта құрып, экология жағдайын жақсартуға тиіс. Ал әкімдік өкілдері айыппұл арқаламаудың жолы бар екенін айтады.

Шыңғыс Досыбаев, «Астана көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның директоры:

Кешкі сағат 8-ден таңғы 8-ге дейін тұрақ тегін болады. Ал тұрғындарда айына 1500 теңге төлеп отыруға мүмкіндік бар. Тек сайт арқылы тиісті құжаттарды тапсырса болғаны. Сол үйдің тұрғындарына осындай шешім ұсындық. Ол жерде ақылы тұрақ болуы керек. Жанында бірнеше балабақша бар. Келіп кететін көлік көп. Сондықтан тұрғындар да түсіністік танытуы керек деп ойлаймын.

Әкімдік өкілі Желтоқсан көшесіндегі 32-үйге қатысты мәселені бақылауға алатынын да айтты. Үй артындағы бос жер телімін тексеруге де уәде берді.

Руслан Әбдуәлиев, қалалық Көлік инфрақұрылымы бөлімінің басшысы:

Өз құзыретіммен айта аламын, ол жерге барлық қызметтерді шақырып, тағы да қарастырып, неге ол жерде болмайды мен оны сізге қазір айта алмаймын.  Қандай жүйелер өтіп жатқаны қазір белгісіз. Ол жерге Сарыарқа ауданының әріптестерімді шақырып, ол жерге шығып тағы да қосымша қарастырып жауабын айтамыз тұрғындарға.

Ақылы тұрақтан 117 миллион теңге түскен. Ал айыппұл есебінен әкімдікке 1,5 миллиард қаражат үскен. Қазір қалада ақылы тұрақ саны 5 мыңға жетті десек, жыл соңына дейін олардың саны екі есе көбейеді.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы Артур Горшняков Ержан Рахманбердиев