470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақтың Камалының туғанына 90 жыл

  • 175
  • UPD: 22:44, 21.04.2022

Камал Смайылов қазақ киносын әлемге танымал еткен жан. Ол киностудияда басшылық еткен жылдары ондаған классикалық туынды  түсірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен «Транссібір экспресі», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Атаманның ақыры», «Шоқ пен Шер», «Нан дәмі» фильмдері соның дәлелі. Смайылов осы кинолардың жарыққа шығуына тікелей қолдау жасады. Сонымен бірге, ол қазақ телевизиясында көрерменнің көзайымына айналған «Тамаша», «Қымызхана», «Айтыс» және басқа да бірқатар бағдарламаның экранға шығуына бастамашы болды.

Ғайнижамал Әбілдина, Т. Жүргенов атындағы қазұөа кафедра меңгерушісі:

Ол кісі тарих. Тарих болып қалды. Біреу біледі. Біреу білмейді. Ол бір қиын заманда өмір сүрсе де ұлтына қызмет етіп кеткен адам. Ұлтын жанындай жақсы көрген адам.

Камал Смайыловтың 90 жылдығына арналған шараның дәл Өнер академиясында өтуі тегін емес. Сол кісінің бастамасымен 1997 жылы осы оқу орнында Телевизия кафедрасы ашылды. Ол әсіресе қазақ журналистикасының дамуына ерекше үлес қосы.

Гүлжан Төреханқызы, К. Смайыловтың шәкірті:

Ең алғашқы осы академияға келіп, режиссер, автор комментатор деген мамандық ашып және осы кафедра меңгерушісі болған. Бізге айтатын осы сендерден екі маман мықты шықса6 мақсатымның орныдалғаны дейтін. Бірақ Аллаға шүкір 80% сол кісінің шәкірттері ақпарат саласында жұмыс істеп жатыр.

Камал Сейітжанұлының мерейтойына орай 2 кітабы жаңадан басылып шықты. Кинозалға есімі берілді. Сурет көрмесі ұйымдастырылды. 5 студентке Смайылов атындағы стипендия тағайындалды.

Зайра Смайылова, К. Смайыловтың қызы:

– Менің әкемнің еліне сіңірген еңбегі өлшеусіз дер едім. Соның бірін ғана айтайын. Ол кадр дайындауға барынша назар аударды. Сол кездің өзінде  Мәскеудегі театр және кино институтымен келісіп, жастарды сонда оқуға жіберткізді. Тіпті, онда қазақстандық арнайы топ болды. Ол жердегі мықты профессорлардан режиссер, кинорежиссер мамандықтары бойынша дәріс алды.

Сонымен қатар  Камал Сейітжанұлы ұлттық анимациялық мультипликациялық фильмге жол салып берді. Ал, оның кино мен телевизия саласы жайлы очерктері, мақалалары мен кітаптары бір төбе.  Смайыловтың мерейтойына арналған шаралар жыл бойы жалғаспақ. Кинематографтар мен режиссерлардың арасында  «Жастық жігер» байқауы жарияланды. Сондай-ақ күзде үлкен форум өтеді.

Хабар 24 телеарнасы