Жаңа облыстарды құру бойынша кешенді жұмыстар басталды

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құруда Түркістан облысының тәжірибесі қолданылады. Әсіресе тиімділігін көрсеткен мемлекеттік  қызметшілерді бөлу, штат саны, кадр саясаты сияқты бағыттырға басымдық беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстіне, бұл өңір кезінде Келес пен Сарыағаш, Мақтаарал мен Жетісай аудандарын екіге бөлу жұмыстарын да сәтті жүзеге асырды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Түркістан өңіріне іс сапары кезінде айтылды. Дархан Жазықбаев әуелі өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Жиында саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

– Өңірлерді дамыту бойынша Ұлттық экономика министрілгі жұмыс істеп жатыр. Біз соған қосымша өзіміздің ұсынысымызды бердік. Түркістан мен Шымкент қаласының бөлінуі бойынша тәжірибені де қарастырдық. Ол мәселелердің барлығы бойынша біз штат санының қандай болу керек екенін көрсеттік. Жаңа аудандар бөлінгеннен кейін нақты саны белгілі болған кезде соған байланысты мемлекеттік қызметшілердің саны бөлінеді.