Қоғам бүгінгі ақын-жазушылардан кімді таниды – Сауалнама

Халық арасында жүргізілген сауалнама.

– Қазіргі таңда айтатын болсақ жас ақындарды білмеймін. Бұрынғы жазушыларды жақсы білемін Қабдеш Жұмаділовты айтуға болады. Ілияс Есенберлин бұрыңда болған және де Мұхтар Мағауинді айтуға болады.

– Қазіргі заманауи ағымдағы ұлы тұлғаларды қарамайды екенмін. Мен бұрынғы сол ұлы тұлғаларымызды танимын. Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» деген кітабын оқып көрдім. Маған ұнады бірақ екінші шыққан «Құпия» деген кітабын әлі оқыған жоқпын. Одан кейін жаңағы Данияр Жігітбек деген ер азамат ұнап жүр. Оның кітаптары «Лайфхак» деген «үйлену керек» деген сияқты кітаптары маған ұнайды. Бизнеске бағыт деген кітабын электронный форматта бір қарап шыққам. Бірақ әлі толық оқыған жоқпын.

– Мен жалпы өз басым әдеби кітаптарды оқығандықтан ерте кездегі жазушыларды білемін. Қазіргі таңда көбінесе Саят Әбенов қателеспесем жазушылардан білмедім, Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» қателеспесем, Қуаныш Шонбайдыкын білем. Бірақ нақты оқымағам.

– Заманауи ақындардан, жазушылардан ешкімді танымаймын.

– Көп ақындарды онша біле бермейді екенмін. Өзіміз жастайымыздан, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бабаларымыздың кітаптарын мектепте оқып едік. Қазіргі замандағы ақын ағаларымыздың есімдерін онша білмейді екенбіз.