Үржар ауданында алты адам бруцеллез жұқтырды – ШҚО

Барлығы инфекцияға шалдыққан малға жақын болған ауыл азаматтары болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сараптамалардың оң нәтижелері Науалы, Қаркөл және Қолденен ауылдық аймақтарында анықталды. Осы аймақтарда бруцеллезге 900 ірі және ұсақ қара мал да шалдыққан. Мамандардың хабарлауынша, үй жануарлары арасындағы ауру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 процентке артқан. Өсім соңғы бірнеше жылда байқалып келеді. Айта кетейік, Үржар ауданында 125 мыңнан астам ірі қара мал бар.

Орал Мұхаметжанов, ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті аудандық инспекциясының жетекшісі:

– 41 мың 694 бас ірі қара етксерілді бүгінгі таңда. Содан 880 бас оң нәтиже беріп тұр. Оның 500-ге жуығы қазір сойылды. Бұл жерде, әрине, қиыншылық мәселелер де бар. Ол жаңағы қасапханалардың өзі жеке мал, шағын мал союға арналған қасапханалар. Біз сол жерлерде сойып жатырмыз, ірі қара туралы айтып тұрмын. Ол енді арнаулы базарға баратын дүкендерге баратын шағын. жеке қасапхана. Қазір мемлекеттік жоқ.

Сондай-ақ...