Қатерлі ісік скринингтері сақтандырылған адамдарға ғана қолжетімді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлемегендер енді емханаларда скринингтен тегін өте алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан обырды бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік болмайды. Ал бұл зерттеудің екінші кезеңінде жасалуы қажет. Ол кезде науқаста онкология белгілері бар болуы мүмкін. Мұндай шешімді Денсаулық сақтау министрлігі енгізіп қойған. Шенеуніктердің айтуынша, елде ресми түрде 3 миллионнан астам азамат сақтандырылмаған. Олардың дені жастар. Ал онкологтар болса, қатерлі ісік скринингтерін 30 жастан бастап өткізуді ұсынады. Себебі жас ағзада аты жаман ауру тез дамиды.

Гүлжан Шайхыбекова, ҚР ДСМ міндетті медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры:

– Бізде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтеріміз бар. Бұл скринингтердің екінші кезеңі сақтандырылған адамдар үшін жүзеге асырылады.  Дегенмен емханалар деңгейінде бізде осы тексерулердің бірінші бөлігі 40 жастан асқан нысаналы топтарға көрсетіледі. Обырға күдік болған жағдайда олар сақтандыру мәртебесі бар скринингтің екінші кезеңіне жіберіледі.