Өскемен қаласының орталығындағы гараж кооперативін бұзу туралы шешім мүлік иелерінің наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар мұның заңсыз екенін айтады. Жекеменшік жерді алу қоғамдық тыңдаулар мен мүдделі тараптардың келісімінсіз жасалған. Ал жергілікті билік гараж кооперативінің орнына балабақша салуды жоспарлап отыр. Жеке мүлікті мемлекеттік меншікке алу туралы хабарлама алған гараж кооперативінің мүшелері бұл шешіммен келіспейді. Өйткені бұл мәселе қоғамдық талқыға түспеген. Ал әкімдікдегілер бұл жерлердің балабақша игілігі үшін алынатынын айтыпты.
Әкімдіктің ақпараты бойынша 1960 жылы салынған бұл ғимарат балабақшаға беріледі. Ал нысан қазір апатты жағдайда. Оны жөндеу үшін ондаған миллион қаражат қажет. Оған қоса гараж кооперативін бұзуға тура келеді.
Оралтай Жұмағұлов, гараж кооперативінің мүшесі:
– Қалалық әкімдігінің шешімі – қате шешім. Жағдайды ойламаған. Экономика жағынан да ойламаған. Қаржы жағына ойламаған. Мұның бәрін бұзу деген, ол бірнеше есе қымбат түседі, қайта салу деген. Басқа ғимараттар бар қалада. Қаланың басшылары ондай үлкен мекемелерге тістері батпайды.
Гараж кооперативнің мүшелері көшуге ниетті емес. Бұл мәселе бойынша соттасуға да дайын екендерін айтады. Ал қала әкімдігі кооператив мүшелеріне мүлікті бағалау және оның құнын өтеу секілді мәмілеге келу жолдарын ұсынып отыр.
Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:
– Бұл жерде арнайы балабақша құрылуға шешім қабылданды. Оның негізгі ережелері бойынша 25 метр маңайында ешқандай құрылыстар болмауы керек. Қазіргі кезде гараждар. Тұрғындардың наразылығын түсініп отырмыз. Оны шешу мәселесін де қарастырып жатырмыз. Қла әкімінің орынбасарлары тұрғындармен кездесіп ортақ бір келісімге келеміз деп айтуға болады.
Қазір Өскеменде балабақшаның жетпеуі күрмеулі мәселеге айналып отыр. Биыл 5 мың бала кезекте тұр. Бұрынғы мектепке дейінгі мекемелердің ғимараттарын соңғы жылдары мемлекеттік органдардың түрлі бөлімдері өздеріне алған.
Сәуле Алагөзова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:
– 2021 жылы 8 жекеменшік балабақша ашылған болатын жеке кәсіпкерлердің көмегімен. Біз толық талдау жасап, қала бойынша 18 ғимарат қазір бұрынғы балабақшаның ғимаратында қазіргі отырған мемлекеттік органдар бар. Соның бәрі жоспарға қойылып отыр. Соның ішінде екі ғимарат биылғы жылға қойылып отыр.
Жыл сайын балабақша тапшылығынан туған мәселе күрделеніп барады. Енді мемлекеттік органдардың әр бөлімі кезінде алған ғимарттарды босатып, балабақша қажеттілігіне беруі керек.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин