Түркістанда жазасын өтеушілерге электронды білезік тағылды

Қылмысты болып, арнайы тізімде тұрғандардың қолына электронды білезік тағылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл арқылы сотталғандарды бақылап, жүріп-тұрғанын білуге болады. Яғни қайта қылмысқа бармауы үшін керек. Инспекторлар оларды арнайы планшеттер арқылы бақылап отырады. Егер сотты болған азамат жаза өтеу тәртібін бұзған немесе білезікті өздігінен шешуге тырысқан жағдайда дабыл белгісі қосылады. Пробация тізімінде тұрғандар 1-2 ескерту алса, бірден қолына білезік тағылады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне осындай 91 электрондық бақылау құрылғысы жеткізілді. Оның 49-ы мегаполистегі 4 ауданға, қалғаны облыстағы 16 пробация бөлімшесіне таратылды. 

Нұрбол Мамырханов, қалалық Пробация қызметі бөлім басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда Түркістан қаласында есепте тұрған 6 азаматқа электронды білезік тағылды. Оның екеуі педофилизм бойынша, біреуі мерзімі шартты түрде ұзартылған азамат, үшіншісі бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған азамат. Әрқайсысын жеке инспекторлар бақылайды.