Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Stopfake.kz сайты бұл ақпарат жалған екенін жазды.
«Аталған жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты. Парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» жарияланады. Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл – өтірік», - деп жазады сайт.