Жаңақорған жарықсыз қалды

Аудан орталығында дауыл 3-қабатты мектептің, агралық-техникалық колледждің және аудандық әкімдіктің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бірнеше көпқабатты үй мен ветеринарлық зертхана және аудандық қаржы бөлімінің ғимаратына зақым келді. Әйтеуір адамдар аман. Қазір жергілікті атқарушы орган тарапынан комиссия құрылып, шығын көлемі нақтыланып жатыр. Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бүлінген нысандардың төңірегін қалпына келтіру шараларына кірісті.