Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында қаза болған Әлібек Саламатұлы Қалбайдың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас сарбаз отан алдындағы борышын өтеуге Маңғыстау облысынан келген. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды. Бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауы тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті екенін атап өтті.