Төрт облыста құрғақшылық байқалады

Елімізде мамыр айындағы құрғақшылық бойынша болжам жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның едәуір аумағында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, дейді мамандар. Орташа құрғақшылық төрт облыста ерекше байқалуы мүмкін. Олар Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Жангелдин ауданында сондай-ақ Қызылорда облысы Қазалы ауданы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында.