Терроризмге қатысты 45 іс қаралып жатыр

Терроризмге қатысты 45 іс қаралып жатыр

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарында 5041 қылмыстық іс бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты. Жаппай тәртіпсіздік бойынша 49 іс, терроризм актілеріне қатысты 45 іс қаралып жатыр. Шымкент қаласының прокуратурасы қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін 8 күдіктінің ісін сотқа берген. Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті қамауда отыр. Аталған адамдар қирату, ғимараттарды өртеу, қару жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл және басқа қылмыстарға белсенді түрде қатысқан деген күдік бар.