Шығыс Қазақстандағы Күршім өзені ластанып барады

Жергілікті жұрт осылай деп дабыл қақты. Өзенге 30 жылдан бері кәріз суы үздіксіз құйылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24.

Бірде-бір салалық мекеме немесе құзырлы орган мәселені түбегейлі шеше алмаған. Өзен бойындағы ауыл-аймақ халқы жауаптылардан әлі де көмек күтіп отыр. Қабдылғазы Төлеуханов Күршім өзенінің бүгінгі халін көріп ішім удай ашиды дейді. Суы мөлдір, балығы көп су көзінің қазіргі жайы аянышты. Маңайдағы елді мекендерден шыққан кәріз суы тікелей өзенге құйылып жатыр.Бұл мәселенің айтылғанына 30 жылдан асыпты. Алайда өзгерген дүние жоқ.

Қабдылғазы Төлеуханов, аудан тұрғыны:

– Күршім өзеніне бір балық өрлегенді қойды,бұрын Күршім өзеннінен балық шығып, уылдырық шашатын қазір бір балық жоқ. Мынау неткеннен кейін бұрын қармақ аулайтынбыз, енді бір тәрі жәндік шықпайды. Отыз жыл өстіп тұр. Лас су Күршім өзенінен құйылып жатыр. Үлкен мынадай труба әлгі арқылы, міне, 33 жыл болды, Ешкімге ештеңе керек емес.

Кәріз суы жиналатын тоған «Күршім коммуналдық мекемесінің» иелігінде. Оған 28 көпқабатты үйден және 8 мекемеден  қалдық су жиналады. Осы су құрылғыдан сүзіліп шығып барып, өзенге құйылуы керек. Алайда 90 жылдан бері ол істемейді. Сондықтан кәрізден шыққан лас су сол беті Күршім өзеніне қосылып жатыр. Коммуналдық мекеме тек экологияға келтірген залалы үшін айыпұл төлеумен ғана жүр. Одан басқа қолдан келер қайран жоқ деп қарап отыр.

Аслан Ақанов «Күршім коммуналдық  кәсіпорнының» директоры:

– Тұрғындар тарапынан экологияға шағымданып соның салдарынан  штраф алып отырмыз, былтыр 10 миллион теңге штраф салынды. Басқа біздің  қолымыздан мұндай қаражат та жоқ салғанға әкімшілік пен ЖКХ ұсыныстар жылда тапсырып отырмыз, бұйырса осы жылы шешімін таба ма деп ойлаймын.

Күршім өзенінің экологиялық ахуалына байланысты мәселе аудан әкімдігі үшін әбден жауыр болыпты. Талай жоспар жасап тұщымды нәтижеге қол жеткізе алмаған. Соңғы рет осыдан 3 жыл бұрын жаңа жоба әзірлеген. Алайда дәп сол кезде бұл шаруаға Үкімет тарапынан моратории жарияланып,құжат қозғаусыз қалған. Биыл ғана шектеу алынып, тағы бір үміт пайда болды.

Мақсат Акрамов Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Жобалық сметаға сәйкес бұл жоба құны 1 миллард теңгеден асады. Ал осы жобаны қайта түзеуге 8 миллион теңге жоспарлап отырмыз, 3 жыл бұрынғы жоба қайта қаралуы мүмкін. Ол кездегі баға басқа болды, қазір білесіздер құрылыс материалдары, жұмыстары қымбаттап жатыр.Сондықтан заңға сәйкес қайта түзетулер беріп отырмыз.

Бұл істен полиция департаменті де,сот та экологтар да хабардар. Бірақ қалдықтарды шығарудың басқа жолы жоқ болғандықтан, кәріз суы Күршімге әлі құйылып жатыр.

Данияр Әлиев, ШҚО экология департаментінің басшысы:

– Негізінде 18 зат бойынша жүргіземіз лабороториялық сынамаларымзды. Барлық көрсеткіштер бойынша ластанып жатқан судың ішінде көрсеткіштер өте биік. Өзінің шектеулі концетрасциянан асып кеткен, нормаларынан асып кеткен.

Бас экологтың айтуынша осыған орай ұсынылған жоспар-жобалар бекітілген күннің өзінде бұл мәселе жоқ дегенде екі жылдан соң ғана шешілуі мүмкін.Тек оған дейін «Күршім өзенінен көз жазып қалмасақ болды» – дейді тұрғындар.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов

Сондай-ақ...