Алматыда ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды

Компания иелері өз еріктерімен «Алматы спецтехпаркинг сервистің» 70% үлесін және Alan Parking-тің 100 процентін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімдік заңға сәйкес тиісті қаулы қабылдады. Алматыдағы ақылы тұрақтардың жылдық айналымы орта есеппен 1 миллиард 400 миллион теңге екен. Енді бүгіннен бастап қыруар ақша қала бюджетіне түсетін болды. Өткен аптада Alan Parking жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұхтар Базарбаев пен «Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясының директоры Марат Пірінбеков қамауға алынған еді. Қазір тергеу жүріп жатыр.