Түркістан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі

Түркістан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі

Түркістандағы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласында 7 ауыл округі 11 елді мекенге су жайылды.  370 бас мал қырылып, 50-ден аса үйдің ауласын су басқан.  2 үй толық қирады.  Су басқан аумақтардан 50 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдар аман, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімдіктің мәліметі бойынша, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Келтіріліген залал сомасы анықталған соң үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес, өтемақы төленеді және тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі. Сонымен қоса облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры жөнделеді.