Оралдағы қоғамдық орындарда мүгедектерге мүмкіндік жасалмаған

Оралда қоларбамен қозғалатын жандар сауда орындары мен мекеме-ұйымдарға кіре алмай жүр. Мониторингтік топ «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік маңыздағы мыңнан аса нысанды тексеріп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның біразында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмағаны анықталды. Олардың арасында жуырда ғана іске қосылған халықаралық әуежай терминалы да бар. 

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Дәл қазір біз мүмкіндігі шектеулі жандар көтерілетін пандусқа жақындадық. Менің жанымда облыстық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанұлы мырза. Жұмажан Қожжанұлы біз осы мәселеде тек қана пандустарды ғана айтамыз.  Жалпы пандус неден басталады және бақа да нәрселерді қамтитын сияқты ғой?

Жұмажан Қожжанов, облыстық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы:

– Әрине мүгедектігі бар адамның кедергісіз ішке кіруі үшін бұл пандус тек қана кіреберістегі табалдырғымыз. Мына батырманы басқанда іштен мамандар шығу керек. Егер ол істеп тұрса. Ешкім жоқ.

Яғни пандус мүмкіндігі шектеулі жандар тірелетін кедергілердің басы ғана. Еңселі ғимараттың есігінен енер тұста олардың талай тосқауылға тап болатыны рас.

Жаңа біз сыртта пандуспен көтерілетін жерде батырманы бастық. Мүгедектер қоғамы төрағасының айтуынша, мында қоңырау келіп мыннан кісі шығып мүмкіндігі шектеулі жандардың ішке кіруіне көмектесуі керек дейді. Сізде істемей тұр ма?

Осындай кемшілік негізінен сауда үйлері мен екінші деңгейлі банктерге тән. Кейбір мемлекеттік мекемелерге де кіру қиын. Ал жуырда ғана пайдалануға берілген халықаралық әуежайдың терминалына жету тіптен мүмкін емес,– дейді «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова. Кедергілер автотұрақтан түскен кезде ақ басталады. Ол әуежайға алғаш келгенде мынадай қоңырау батырмасы да болмапты.  

Гүлмира Батпақұлова «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

– Мына жер жақсы ладно багаж болады ғой сондықтан 90-нан мейлі артық бола берсін. Бірақ мына пандус, міне, бітіп жатыр, міне жерде ең ақтық стойкасы болуы керек. Неге десеңіз, маған ыңғайсыз болады. Мен мында келдім, міне.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергі мұнымен бітпейді. Осы жерден ұшақтың бортына жеткенше біраз қиындықты еңсеруге тура келеді, – дейді олар.   

Гүлмира Батпақұлова «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

– Енді бортқа отыру үшін өте маңызды сұрақ тұр. Үлкен проблема тұр. Бортқа дейін апарып тастауға, көлік керек. Екіншіден, гидслужба керек. Үшіншіден, амбулифт керек. Межрядовая коляска жоқ әлі де мына терминалда. Рукав деген жоқ. Рукав деген ол мүмкіндігі шектеулі жандарға да, жолаушыларға да өте ыңғайлы зат.

Ақжол Охасов «AQJAIYQ» ӘКК құрылыс департаментінің бас менеджері: 

AQJAIYQ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тек теңгерімде ұстаушы ғана. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарының тапсырыс берушісі жеке компания. Мердігер мен жобалаушы ұйым да солай. Яғни олар бізге дайын әуежайды тапсырды. Қазір ол тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. Айтылған ескертпелер мердігер мен тапсырыс берушіге жазбаша түрде жеткіземіз. Ал мердігер бұл жұмысты талапқа сай орындайды деген сенімдемін. 

Өңірде 2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі жандар еркін кіріп-шыға алатын 1294 нысанды бейімдеу көзделіп отыр. Оралда мүгедектерге қызмет көрсететін жол көрсетуші құрылғылар мен дыбысты қондырғылар саны артып келеді. Сонымен қатар арбамен жүретін мүгедектердің жүріп-тұруына бейімделген едендері аласа 115 автобус қызмет көрсетіп жүр.