Тұңғыш Президент туралы заң күшін жоя ма

Ал, Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жоюы мүмкін. Ата заңнан Елбасының мәртебесі, артықшылықтары туралы бапты алып тастау көзделуде. Тек Тұңғыш Президенттің мемлекет негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сауалына осылай деп жауап  берді. Ал, жаңа Конституция қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Референдум бола ма әлде Парламент арқылы өте ме, алдағы күндердің еншісінде.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Тек қана осы мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана  Конституцияда қалады. Ал бұл норма қабылданғаннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жояды деп күтілуде. Президент туралы заңда экс-президенттер туралы норма бар. Конституцияда да Тұңғыш Президент туралы заңда да бар. Осы норма қатысты болады.  Біріншіден, ар-намысын қорғауға құзірет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау. Зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар. Осы мәселелерді мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.