Ақтауда контрабандалық тауар тәркіленді

Ақтауда ірі көлемде контрабандалық тауарлар тәркіленді. Белгілі болғандай, Иран Ислам Республикасынан жеткізілген импорт бұйымдарға жалған құжат жасалған,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың нарықтағы құны 66 млн 400 мың теңгеге бағаланып отыр. «Ақтау кедендік рәсімдеу орталығы» бекетінде декларацияланған тауар белгісі қапшықтарда келген тауармен сәйкес келмегені анықталды. Осылайша кеденшілерді алдамақ болғандардың жолы кесілді.

Мемлекетке келген шығын 21 млн теңгеге жуықтайды. Осы дерек бойынша жинақталған мәліметтер облыстық экономикалық тергеу департаменіне жолданды.