Ел аумағында 16 278 шетел азаматы еңбек етеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі ахуал бойынша ел аумағында 16 278 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл – жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен елге келгендер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен Қазақстанға Қытай, Түркия, Үндістан, Өзбекстан және Сербиядан еңбек мигранттары жиі келеді. Әзірше көш басында Қытай тұр. Бүгінде ел аумағында үш жарым мыңнан астам мигрант бар. Ал Сербиядан келген жұмысшылар мыңнан сәл асады.

Қытай – 3 685 адам

Түркия – 1 977 адам

Үндістан – 1 268 адам

Өзбекстан – 1 195 адам

Сербия – 1 109 адам.