Енді мүгедек балалардың заңды өкілі де шипажайға тегін барады

Енді мүгедек балалардың ата-аналары да перзенттерімен бірге шипажайларға тегін бара алады. Яғни баланы алып жүретін заңды өкілінің тамақ пен жатын орнына кететін шығындары – мемлекет есебінен өтеледі. Депутаттардың бастамасымен осындай жаңашылдықтарды көздейтін заң жобасы қабылданбақ. Нәтижесінде биыл 14 мыңға жуық ерекше бала тиісті ем-дом алады. Ал келер жылы бұл көрсеткіш 17 мыңға жетсе, 2024 жылы 22 мың бала ата-анасымен бірге шипажайларға жолдама алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз осы күнге дейін мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларда сау балалардың барын әлі күнге дейін ескермей келеміз. Ол ата-аналар үшін жазғы уақытта сау балалардың демалыс уақытында ем-домы қажет баласымен бірге санаторий-курортқа бірге бару аса маңызды. Сол үшін қазір заңнамаға осындай өзгертулер енгізіліп, 5,9 млрд теңге қаражат бөлініп жатыр. Оның 5 млрд-қа жуығы осы азаматтардың ертіп барушы, ата-анасы немесе заңды өкілінің сол жердегі бірінші қажеттілігі тамағы, жатын орны енді республикалық бюджеттен төленетін болады.

ИНВАТАКСИ КӨБЕЙЕДІ

Ал, әрбір оныншы такси мүгедектігі бар адамдарға арналады. Таксопарктер заңмен міндеттеледі. Бұған дейін әрбір отызыншы такси ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіп келген екен. Алайда кейбір пысықайлар тасксопарктегі көліктердің санын бұған жеткізбей заңды айналып өтіп отырған. Енді мұндай қулық іске аспайды. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоғамдық көліктер де жүретін болады.