Алматы жылу жүйелеріне айыппұл салынды

Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Алматы жылу жүйелері» серіктестігінің  жұмысын тексеріп, бірқатар заң бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Серіктестік  2019 жылдың  желтоқсан айынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін тұтынышулармен жасасқан келісімшарттағы  техникалық талаптарды орындамаған. Тексеру кезінде тұтынушыларға теңдей құқық берілмегені анықталған.  Бұған қоса келісімшарт құжаты Ұлттық экономика министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес болмай  шыққан. Нәтижесінде серіктестікке 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Арлан Қалуетов, Табиғи монополияларды реттеу комитеті алматы қалалық департаментінің басшысы:

Серіктестік бұл хаттамамен келіспей сотқа арызданды. Сот оларды  әкімшілік жауапкершілікке тартты.  «Алматы жылу жүйелері» 2020-2021 жылдар бойынша  тұтынушылардың түбіртектеріне қайта есептеу жүргізуі қажет. Бұған қоса осы монополиске қатысты қосысмша тексеру жүргізіліп жатыр.