Отандық автокөлік өндірісі артты

Былтыр елде сатылған жаңа автокөліктердің 65 проценті отандық өнім. Бұл туралы бүгін Индустриялық даму комитетінің өкілі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, халық арасында қазақстандық темір тұлпарларға сұраныс жоғары. Экспорт көлемі де шамамен 50 процентке артып отыр. Десек те микрочиптердің тапшылығынан бүкіл әлем нарығында көлік жетіспеушілігі байқалады. Осы орайда отандық өндірушілер қажетті жабдықтар алуға квота санын көбейту жайында келіссөз жүргізіп жатыр.

Олжас Сапарбеков ҚР ИИДМ индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары:

– Биыл қазақстандық кәсіпорындар 109 мың жеңіл автокөлік өндіруді көздеп отыр. Тек өткен 4 айдың өзінде 20 мыңнан астам техника шығарылды. Былтырғы көрсеткіш 93 мың көлікті құрады. Отандық өндірушілер техниканы құрастырып қана қоймай, оған қажетті құрал-жабдық көлемін де арттыруға тырысады. Мәселен, кейбір автомобильдің құрал саймандарының тең жартысы Қазақстанда жасалған.