Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

Заңсыз ұйым былтырдан бері адамдарды алдап келген. Ұйымдастырушылар қала орталығында кеңсе жалдап, мессенджер мен әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін жарнамалаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарды жоғары процентпен ақша депозитін ашуға үндеген. Ондағы шарттар банктерге қарағанда анағұрлым тиімді болған. Қазір пирамида өкілдеріне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер үй қамаққа алынды. Бұған дейін қостанайлықтарға ақшаны жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған GAP деп аталатын қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары құрықталған.

Көркем Бектасова, экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

– Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша қаражатын салып, сондай-ақ компанияға басқа салымшыларды тарту кезінде инвестициядан күнделікті пайда алатыны туралы алдап азаматтарды таратқан.