Елімізде өңдеу өнеркәсібінің 14%-і машина құрастыру саласына тиесілі

Алдағы жылдары елімізде құрастырылатын автомобильдер көбейеді. Өйткені көлік бөлшектері мен шина өндірісін кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда бампер, орындық, автомобиль шыныларын өндіруге ден қойылмақ.  Салада қордаланған мәселе көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен бүгінгі таңда елімізде электро-техникалық машина жасау саласында  аккредиттелген зертхана жоқ, Сонымен қатар кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша ұлттық стандартты әзірлеу қажет. Осыған байланысты Премьер-Министрі Әлихан Смайылов саланы  дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, «Қазақстан машина жасаушылар одағының» төрағасы Мейрам Пішембаев пен зауыт басшылары қатысты. Айта кеткен жөн, салада 3 мыңға жуық кәсіпорын бар, 115 мың адам жұмыспен қамтылған.