Маңғыстау облысында шалғайда кедейлік қамытын кигендер көп

Маңғыстау десе алдымен Жаңаөзен ойға келеді. Қара алтын өндіретін компаниялар, сервистік мекеме көп болғасын мұнайшылар қаласы деп те аталып жүр. Осыған қарамастан жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Тізімде тұрған 150 адам жуырда – коммуналдық  мекемеге жұмысқа тұрды. Сұраныс болған жағдайда жергілікті кәсіпорынға жолдама беріледі. Оспан Қуатов 5 жыл қоғамдық жұмыстарды атқарғанын айтады. Бүгінге дейін алған айлығы 50 мың теңгеден аспаған.

Оспан Қуатов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

Мен 2017-ден бері осы тізімге тұрдым кезекке тұрақты жұмысқа кірейін деп. Соңғы рет ардагерлер үйінде жасадым. Айлығы аз болса да жасап жүрдім. Кезегім келіп қуанып, бүгін жолдама алдым.

Әлібек Бұхарбаев, Коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары:

– Мысалы, бізге өзенмұнайгаздан қанша сұраныс түседі. 100 адам ба, 50 адам ба?! Соның орнына біз 50 адамды жібереміз. 50 адамды жұмыссыздық орталығынан қабылдап аламыз. Жүйесі сол.

Жаңаөзендегі 150 мыңнан астам халықтың 4 мыңдайы жұмыссыз. Ал  Ақтауда 5 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Бір мәселе, олар ұсынылған жұмысқа баруға құлықсыз. Барлығы да мұнай саласына кіріп, мол жалақы алуды қалайды. 

Нұрсұлтан Шеркешбаев, Ақтау қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

4700-дей жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығына тіркелген. 65-ке таман бос жұмыс орындарымыз бар. Көп азаматтар мұнай саласынан жұмыс талап етіп жатады. Алайда бізде мұнай саласында жұмыстар болмауына байланысты өзіміздегі бар жұмыстарды ұсынамыз. Заңдылыққа сәйкес 3 рет жұмыстан бас тартқан жағдайда жұмыссыз есебінен шығарылады.

Маңғыстау облысында 16 мың 918 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Басым бөлігі Ақтау мен Жаңаөзенде, Мұнайлы ауданында тұрады. Қазір өңірде 1 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бірақ айлығы аздығын алға тартып, көп адам барғысы келмейді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев