Атырауда балық тағы қырылды

Сәуірдің 21-22-сі  аралығында Атырау облысында балықтың жайылмада жаппай қайырлап қалғаны туралы хабарлаған едік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай «Қайыршақты» ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болды. Балық уылдырық шашу үшін қолайлы жер іздеп жүргенде канал сағасына тіреліп қалған. Ол аумақтан 65 келі өлі шабақ жиналды. Енді бүгін ауыл тұрғындары  Махамбет ауданына қарасты «Алмағамбет» өзегінде де балықтың жаппай  қырылып жатқанын көріп дабыл қағыпты. Таңертең оқиға орнына экологтар мен балық қорғау инспекциясынан қызметкерлер аттанды. Мәселенің мәнісін біз назарда ұстайтын боламыз.