Павлодарда орталық жағалау жөнделеді

Павлодарда қаланы абаттандыру жұмыстары басталды. Биыл жалпы көлемі 50 мың шаршы метр жерге табиғи тастар төселеді. Бұл жобаның құны қала бюджетіне  50 миллион теңгеге түсіп отыр.  Әсіресе   Орталық жағалау  адам танымастай өзгермек деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар жүзеге асатын болса, Ертістің төменгі жағалауына түсетін үш  баспалдақ жаңартылады. Ал  жағажайды қалпына келтірумен  биыл коммуналдық сервис қызметі айналысады.  Судағы қауіпсіздікті 30 шақты адам қамтамасыз ететін болды.  Бүгінгі – таңда ағымдағы жөндеу аяқталған. Мамандар  атқарылатын шаруалар әлі алда екенін айтады. Жағалауға  қамыс бастырмалар,  128 орындық пен  125 қоқыс жәшігі орнатылады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін суға түсуге арналған жеке пирс пайда болады.

Арслан Қалиақпаров, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

Осы мамыр айының соңына дейін біз осы үш баспалдақты толығымен гранит тасқа алмастырамыз деп жоспарлап отырмыз.  Бұдан басқа жасалып жатқан жұмыстардың тағы бір легі ол Естай көшесінен бастап міне осы Лермонтов көшесінен ары қарай толығымен біз орындықтармен қоқыс жәшіктерін ауыстырып жатырмыз. Олар тек жәй металлдан жасалған, ағаштан жасалған болмайды. Бұлар гранит тастан жасалған.