Токиода айды зерттейтін құлтемір таныстырылды

Жапонияда айды зерттейтін құлтемір таныстырылды. Робот трансформер адамның алақанына сиятын диаметрі 8 см ғана, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы камерасы орнатылған роботтың бұл түрі топырақтың үстімен жүре алады. Айда ауа температурасына бейімді болу үшін сыртқы қабаты сапалы аллюминий мен пластиктен жасалған. Жапонияның аэроғарыш зерттеу агенттігі жақын арады бұл роботты ғарыш орбитасына жіберуді жоспарлап отыр.