Алматыдағы ұшақ апаты: тергеудің қорытындысы жарияланды

Осыдан үш жыл бұрын құлаған Bek Air компаниясының Фокер-100 ұшағына қатысты тергеудің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы салдарынан болған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев баспасөз брифингінде айтты. Енді әуе кемесінің апатынан кейін нормативтік-құқықтық құжат дайындалуға тиіс дейді мамандар.

Болат Наурызалиев, ҚР ИИДМ көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры:

- Бұл жерде адами фактор. Қанат құрғақ сияқты деп екінші ұшқыш айтады. Екіншіден, ұшу режимімен ұшу керек еді.